"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ  ЖАҚСЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ  БЕЛАҒАШ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ  БІЛІМ БЕРЕТІҢ  МЕКТЕБІ"   КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БЕЛАГАШ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЖАКСЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ  

«XXI ғасыр көшбасшысы»

08.04.2017

аа

Интеллектуалдық

ойын


«XXI ғасыр көшбасшысы»

 

Мақсаты : 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін,

шығармашылық

ізденісін байқау.Оқушыларды қазақ тілінен

басқа пәндерден

алған білімдерін өмірде қазақ тілінде

пайдалануға үйрету.

2.Сұрақтарға

толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.

3.Сөйлеу шеберлігін

жетілдіру, белсенділігін арттыру.

4.Қазақ тіліне

деген қызығушылығын арттыру.


Көрнекі құралдар: суреттер, тақта, 

жоспар, сұрақтар комьютер арқылы көрсетіледі.


Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.

 

Іс-шараның барысы.

Ойынға қатысушылармен

танысу.

-          Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бұл ойын

қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығына арналған іс-шара болып табылады. Оқушылар

өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсетеді деген үмітпен, байқауымызға қош келіпсіздер!

Соған орай қазақ тілі мен әдебиеті, география, тарих, Қазақстанның мәдениеті, спорты,

музыка және кино саласында сұрақтар қойылады. Біздің мектептің оқушылары арасында

«XXI ғасыр көшбасшысы» деген интеллектуалдық ойынды өткізуге

рұқсат етіңіздер.

-          Ең алдымен, сайысқа қатысушылармен танысып

өтейік.

1-ші

қатысушы –

2-ші

қатысушы –

3-ші

қатысушы –

4-ші қатысушы –

5-ші қатысушы –

6-шы қатысушы –

7-ші қатысушы –

8-ші қатысушы-

- Әділқазылар алқасымен таныстыру.

1.------------------------------------------------------------------------------------------------

2. ------------------------------------------------------------------------------------------------

3. ------------------------------------------------------------------------------------------------

Сонымен қатар, біздің ойында есепші барлық ұпайларды санап, тақтаға жазып,

көрсетеді. Есепші

әділ-қазыларға санауға көмектеседі.

----------------------------------------------------------------------------------------------------

2. Кіріспе

сөз.

Тіл- өте

маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз,

халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы

жетеді.Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру

– ҚР азаматының парызы.

- Бүгінгі

интеллектуалды ойын бес кезеңнен тұрады:

I кезең –

«Бәйге»

II кезең – «Полиглот»

III кезең –

«Ғажайып алаң»

IV кезең – «Қиял

әлемінде»

V кезең -

«Жорға»

  3.

Ойынның барысы:

 Әсемпаз

болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

-деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе, біздің ойынымыздың шартын

түсіндіре кетсек. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

 1

кезең Бәйгеде сұрақтар берілген, оған  бірінші болып

таяқшаны көтерген оқушы жауап береді. Егер де  жауап бере алмаса, келесі таяқшаны көтерген оқушы

жауап бере алады. Әр жауап 5 ұпайдан есептеледі. Бәйге кезеңнің соңында Ұпайы

аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

2 кезең «Тіл

- өнер» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап

беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір ұпай беріледі,

ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 ұпай беріледі. Толық жауапқа 5 ұпай.

3 кезең «Ғажайып

жетілікте» оқушылар әр тор көзден өзі білемін деген тор көзді

таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол ұпайдық жүйе беріледі.

4 кезең «Қиял

әлемінде» Ойыншыларға тақырып беріледі.

Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек.

5 кезең «Жорғада» ұпай жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша

оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

 «Батылдық- балалық шақта шыңдалады»

десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі- ойын екендігі белгілі. Ал енді,

бірінші кезеңді бастайық.

«Бәйге» турын бастаймыз.

Қазақпыз ғой

бәйге десе қозатын,

Қозатұғын күрең атын, боз атын.

Басталады бәйге атты жарысың,

Шықсың шәкірт шыңдарға қол созатың.

Деп Бәйге жарысын бастаймыз.

Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!!!


  1. Кезең « БӘЙГЕ»


1.Еліміз қашан тәуелсіздік алды?  1991ж. 16 желтоқсан

2.Қ.Р.  рәміздерін атаңдар.

Ту,елтаңба,әнұран

3.Мемілекеттік Әнұран қашан қабылданды? 2006 жылы 10-қаңтарда Менің

Қазақстаным әні

4.Мемілекеттік тудың авторы кім?  Шәкен

Ниязбеков

5.Тұңғыш  Президент күні қашан? 1 желтоқсан

6.Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр. Қошқарбаев

7.Қазақстанның оңтүстік шығысында және шығыста шектесетін ел. Қытай

8. «Қазакфильм» киностудиясы кімнің атында. Айманов

9.«Азия» зерттеу кітабының авторы, белгілі қоғам қайраткері. Сүлейменов

10.Ұлы жүздің  биі. Төле би

11.Қазақтын тұңғыш ғарышкері. Тоқтар Әубәкіров

12.Қазақтың батыр қыздары. Маметова, Молдағұлова

13.Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы. Жетісу

14.Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдырған адам. Ақсақ Темір

15.Жер көлемі жөнінен Қазақстан әлемде нешінші орында? 9-шы орында

16.Сиырдың пірі . Зеңгі баба

17.Тұңғыш Президент сайлауы  қашан

өтті?    1991ж. 1желтоқсанда

18.Қабанбай батырдың шын аты. Ерасыл

19« Невада-Семей» қозғалысының басшысы. О.Сүлейменов

20.Жылдан құр қалған жануар .  Түйе

21.Қазақстанның ең алғашқы астанасы. Орынбор

22.Ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыстың атауы«Семей-Невада»

23.Соңғы Конституцияның шыққан жылы. 1995

24.Астана қаласы Қазақстанның елордасы болған жылы. 1997

25.Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер. Керей Жәнібек

26.Еліміздің Тәуелсіздік  алуына

себеп болған қандай оқиға. 1986ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасы

27.Қазақтың ұлы ақыны. Абай

28.Қазақстан облыстарының саны. 14

29.Киіз үй неден тұратынын белгіле. шаңырақ, уық, кереге

30.Әбілхан Қастеев- кім? Суретші

31.Бауыржан Момышұлы-кім? Батыр, жазушы

32.Қыран құс баулитын адамды қалай атайтынын анықта. Құсбегі

33.Шешесінің әкесі балаға кім болатынын тап. Нағашы атасы

34.Көшпелілердің баспанасы. Киіз үй

35.Оян қазақ өлеңі қай ақын жазды. М.Дулатов

36.Тұңғыш қазақ ғалымы? Шоқан

37.Балалар әдебиетінің негізін салушы? Алтынсарин

38.Тұңғыш педагог? Алтынсарин

39.Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі .  Карта

40.Шоханның әжесі. Айғаным

41.Айтыскер адам. ақын

42.Үкіметті кім басқарады. 

Премьер-министр

43.Жеті күн. Апта

44.Семей полигоны қашан жабылды? 1991жыл

45.Шетелде тұңғыш ән салған әнші? Әміре Қашаубаев

46.Жүз жасаған ақын? Жамбыл

47.Қара алтын.  Мұнай

48.Қазақ хандығы қашан құрылды. 1465ж

49.Елтаңбаның авторы? Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов

50.Әнұранның авторы? Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов. Н.Назарбаев


Ең көп ұпай жинаған 8 катысушы қалады.


Сөз әділқазы алқасына беріледі.


            II кезең – «Тіл-өнер»


«Жеті тілді білсең, бар әлемді билейсің» деп бекер айтылмаған болар.


Осы кезеңде, сіздердің назарларыңызға мақал-мәтелдер және сұрақтар беріледі.

Керекті сөздің орнын тауып, үш тілде аудармасын табу керек.


Кім жылдам, әрі тез болса сол оқушы табысты болады.

1.Гүл өссе – жердің көркі,

. . . өссе – елдің көркі (қыз-девушка- girl)

2... –

отбасынан басталады (отан – родина-mjtheriand)

3   Өнер алды – қызыл....(тіл – язык-Languge)

4   Күн мен түн теңелетін жыл

мезгілі.

       (Көктем - весна - spring)


5. Футболшының алаңдағы ойын заты

        (Доп - мяч - ball)


6. Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы

         (Ит - сабака - dog)


7. Қалқиып ұзын құлағы

    Елеңдеп қорқып тұрады

       (Қоян - заяц - rabit)


8. Ер қанаты(Ат)

       (Ат - конь - horse)


9. Ердің(екі) сөйлегені өлгені

      (екі - два - two)


10. Ерлік білекте емес (жүректе)

       Жүрек-сердце-heart


- Қорытынды жасаймыз.

Ең көп ұпай жинаған 6 катысушы қалады.


Сөз әділқазы алқасына беріледі.


        III  кезең – «Ғажайып алаң»


Бұл кезеңде қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, география пәнінен, Қазақстанның

мәдениеті   саласынан сұрақтар беріледі.


Мәңгі бақи есте қалар,


Ғажайып бір кеш болсын.


Білімдірек шәкірт озар,


Қиынырақ сұрақ  көп болсын!


Ғажайып алаң



Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша

  1. 10 ұпай- Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? Түркі тілдер тобына
  2. 20 ұпай – Жазба әдебиетінің
  3. негізін салушы? Абай
  4. 30 ұпай - Тіл білімінің негізін
  5. салушы? Ахмет Байтұрсынұлы


Тарих пәні бойынша

  1. 10 ұпай –
  2. Тұмар патша қай тайпаның қызы? Сақ
  3. 20 ұпай –
  4. Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы? Жетісу
  5. 30 ұпай Абылай ханның өмір
  6. сүрген жылдары? 1711-1781 ж

 


География пәні бойынша

  1. 10 ұпай – Әлемдегі ең үлкен мұхит?  Тынық мұхиты
  2. 20 ұпай – «Екінші Швецария»
  3. атанған жер? Бурабай .Кокшетау
  4. 30 ұпай –
  5. Тәжікстанның астанасы? Душанбе

Мәдениет

саласы бойынша

  1. 10 ұпай – Парижде «Ағаш аяқ»,
  2. «Жалғыз арша» әндерін орындаған әнші? Әміре Қашаубаев
  3. 20 ұпай – Тұңғыш көркем фильм?
  4. Амангелді
  5. 30 ұпай – Музыканың ұлы кітабы
  6. атты  еңбек кімдікі? Әл-фараби

 

Ең көп ұпай жинаған 4 катысушы қалады.


Сөз әділқазы алқасына беріледі.


       ІV

 кезең- «ҚИЯЛ ӘЛЕМІ»

Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру

керек. 3 минут

уақыт беріледі.

«Әкім болсам»

«Президент

болсам»

«Директор

болсам»

«Мұғалім болсам»

«Дәрігер болсам»

Жанкүйерлерге сұрақтар:

1.Қазақтың

ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)

2. «Дружба»

сөзінің қазақшасы қалай? (достық)

3.Халқаралық

тіл (ағылшын)

4.Экологиялық апатқа

ұшыраған теңіз (Арал)

5.Бала

дәрігері (педиатор)

6.Астана

қаласының символы (Бәйтерек)

7.Мұсылмандар

діні (Ислам)

8. Жаздан

кейін не келеді? (күз)

9. Бір жылда

12 не бар? (ай)

10. Наурызда

пісірілетін тағам? (наурызкөже)

11. Қазақтың ішекті аспабы (домбыра)

12. Христиандардың ең басты мерекесі қалай аталады? (пасха)

13.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)

14. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киім (сәукеле)

Бұл кезеңде өз мәресіне жетті. Ендігі, сөз әділқазылар алқасынының назарына

беріледі. Бұл сайыста ең үздік деген екі оқушы алдыға шығады.


   V кезең - «Жорға»

1- жүргізуші:

Ойын толық жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.

Жоғары, жоғары, жорғала

Шапшаңдыққа таң қал ма.

Ойын деге нарталас,

Жеңілемін деп ойлама!

Ең үздік деп аталған екі оқушымызға қол шапалақтап, демеу берейік!

 «Жорғада» ұпай жоғары 2 оқушы

қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке

сұрақтарға жауап беруге тиіс.

Алдымен, ұпай аз оқушыдан бастап, сұрақтар қойылады.

  1. Шоқанның шын аты?
  2. Мұхамедханафия
  3. Қай ханның тұсында Жеті жарғы заңы жасалды. Тәуке хан
  4. Қазақстанның астаналары?
  5. ОрынборҚызылорда Алматы,Астана
  6. Жамбыл Жабаевтың өмір сүрген жылдары. 1846-1945
  7.  Еділ есімі тарихта қалай
  8. аталады. Атилла
  9. «Диуани луғат-ат-түрік» кімнің
  10. еңбегі? М.Қашғари
  11. Зергерлік бұйымдарды ата?
  12. Сақина, білезік, алқа, жүзік, шолпы, белдік,сырға, қапсырма
  13. Тұңғыш қазақ академигі? Сәтбаев
  14. Қазақстан Республикасының
  15. мемлектеттік рәміздері қабылданған жыл? 1992 жыл 4 маусым
  16. Әйтеке бидің шын аты. Айтық
  17. Йасы деп ІХ-Х ғасырларда қай
  18. қала аталды? Түркістан
  19. Түркістанның бұрынғы атаулары?
  20. ІV-Х Шабғар, ІХ-Х Йасы,ХV Түркістан
  21.  Бейнелеу өнерінің негізін
  22. салушы. Ә. Қастеев
  23. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе
  24. алған жыл? 1989
  25. «Тіл құрал» оқулығының авторы?
  26. Байтұрсынов
  27. Отырар сазы оркестірін ұйымдастырушы. Н. Тілендиев
  28. Тұңғыш қазақ журналын ата?
  29. «Айқап»
  30. «Шахмат алғаш рет қай елде
  31. пайда болды? Үндістанда
  32. Әміре Қашаубаевтың туған жері?
  33. Абыралы
  34. Алматы қай жылдары Қазақстанның
  35. астанасы болды? 1927-1997

Ойынның

шешуші сәті төрешілер өздеріңізде. Әділ жауабын беріңіздер!

Жеңімпазды

анықтап, марапаттау.

Бүгінгі

көріп тамашалаған интеллекуалды шоу «ХХІ- ғасыр көшбасшысы» ойыны мәресіне

жетті.

Зейін қойып

тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.



Әділ-қазылардың назарына!


1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген, оған  бірінші болып таяқшаны

көтерген оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса, келесі таяқшаны

көтерген оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 ұпайдан есептеледі. Кезеңнің

соңында Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

 

2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар

қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің

жауаптарына бір-бір ұпай беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3

ұпай беріледі. Толық жауапқа 5 ұпай.

 

3 кезең «Ғажайып жетілікте» оқушылар әр тор көзден өзі білемін деген

тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол ұпайдық жүйе беріледі.

 

4 кезең «Қиял әлемінде» Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа

сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек.





5 кезең «Жорғада» ұпай жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға»

ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

                                                             

Просмотров: 450


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

   

 

 

Ұйымдар тізімі
Текст