"Белағаш ОМ" КММ»
03.02.2020 ж.
өзін-өзі тану онкүндігі
өткізілген туралы ақпарат
Өзін-өзі тану пәні бойынша онкүндіктің ашылуына арналған салтанатты іс-шара жиыннан басталды. Өзін-өзі тану пәні тұлғаның адамгершілік-рухани мәдениетін дамытуға, өз өмірінің мағынасын түсінуге, адамның жоғары мақсатын игеруге бағытталғаны туралы мектеп директоры А. Е. Ерғалиева сөз сөйледі.
Балалар өз сөзінде жобаның авторы Назарбаева Сара Алпысқызы туралы айтты. Одан әрі оқушыларға жақындарына, туған-туыстарына, аға ұрпаққа құрметпен қарау туралы әлеуметтік ролик көрсетілді. Апталықтың ашылуы үшін оқушылармен ойын өткізілді, онда карточкаларда бейнеленген тапсырмалардың бірінде: махаббат, ақиқат, әділ мінез-құлық, ішкі әлем, өшпенділік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтар көрсетілген. Балалар би билеп, жұмбақтар шешті...…
Біз бірге үлкен биіктерге жете аламыз деп үміттенеміз. "Өзін-өзі тану" пәнінің бір ерекшелігі бар. Балалардың өздері үшін сабақтан алған білімдері, олардың не істеп жатқанын, не үйренетінін және не үшін тырысатынын түсінуге көмектеседі…
Өзін-өзі тану мұғалімі: Жанабаева Г. Ж.