Текст
17.02.2020. ж., Белағаш орта мектебінде қазақ халқының ұлы ақыны Абай Қунанбайұлының 175 жылдығына арнайы «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар қалаң!» атты салтанатты саптүзеу өтті. Салтанатты саптүзеуде Абайдың қара сөздері, ақынның өлендері, әндері айтылды. Мектеп директорының м.а. Ергалиева А.Е. сөз алып, бұл іс шара Абай Қунанбайұлының 175 жылдығына арналған іс шаралардың бастауы, мектепке арнайы сөйлейтін қабырғаның және «Абай ата – біздің жадымызда мәнғілек» атты альбомның мәнін түсіндіре келе оқушылардың мектеп ішінде өтетін іс шараларға белсендіт қатысуға шақырды.