Текст
Дүниежүзілік денсаулық күні аясында психикалық саулықты сақтау және нығайту мақсатында «Белағаш орта мектебі» КММ жанындағы шағын орталықта педагог-психолог О.Л.Макаревич «кезекші топта» балалармен және шағын орталық қызметкерлерімен жұмыс жүргізді. «Сиқырлы гүлдер» және «Түрлі-түсті көңіл-күйлер» ойын жаттығуларын өткізді. Балалар эмоцияны танып, олармен сөйлесе білді. Барлық шағын орталық қызметкерлері «Тілек ағашы» акциясына қатысты.